Текст
2025 жылдың 16 қазан күні өткізілген «Shadow Day-Дублер күні » жалпы республикалық жобасы аясында мектебіміздің 8-9-сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты – білім алушыларға кәсіби бағдар беру, түрлі салалардағы маман иелерінің бір күндік еңбегімен таныса отырып жұмысшы мамандықтарын құрметтеу, еңбек адамының әр күнін бағалауға үйрету.
16 қазан күні Лозовое ауылының шетінде орналасқан «СХП БЕРКУТ» ЖШС (ТОО СХП «Беркут» ) «Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, оның ішінде бидай шаруашылығын өсіру» мамандардың қыр-сырымен танысты.
Бұл іс-шара барысында білім алушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтары байқалды. Әрине осындай іс-шаралардың болашақта мамандық таңдауға өз септігін тигізері сөзсіз