«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Ұлт мұғалімі-Ахмет Байтұрсынұлы"тақырыбындағы танымдық сағат

11.09.2026

 Тіл – келісімнің тірегі, ұлт мәртебесі

Онкүндік аясында оқушылар арасында ұлт руханиятының алып тұлғасы, қазақтың тұңғыш әліпбиін жасаған ғалым, ағартушы, ақын әрі қоғам қайраткері *Ахмет Байтұрсынұлына* арналған *«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы»* тақырыбында тағылымды танымдық сағат өткізілді.

«Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы, қазақ тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесі, ұлттық жазу мен әліпби қалыптастырудағы еңбегі туралы оқушыларға мазмұнды ақпарат берілді.

Танымдық сағат барысында оқушылар ұлт ұстазының тағылымды ғұмырынан сыр шертетін деректермен танысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Әсіресе оның  ана тілін сақтау, ұлтты ояту, білім мен ғылымға ұмтылу туралы идеялары оқушыларға ерекше ой салды.

Ахмет Байтұрсынұлының:
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөзі – бүгінгі ұрпаққа да бағыт-бағдар беретін рухани мұра.

Тілді құрметтеу – ұлтты құрметтеу.
Ұлт ұстазын ұлықтау – ұрпаққа аманат.
Ахмет мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы!

Просмотров: 165


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст