Текст
Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында ауылдық кітапханада "Республикам- байтағым менің"атты іс-шара өтті.
Іс – шараның басты мақсаты:балаларға Отан туралы түсіндіру, олардың патриоттық сезімдерін нығайту. Содан кейін 5-6 сынып оқушылары ойындарға қатысып, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарымен және тарихымен танысып, өз білімдерін тексерді.
Мерекелік іс-шарада оқушылар егемен елімізге арналған тақпақтар,өлеңдер айтты,іс -шара шағын сыйлықтар табыстаумен аяқталды. Сонымен қатар, балалар кітапхананың кітап қорымен танысып, кездесу ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты.