Текст
Бұзақылықтың алдын алу жоспарын жүзеге асыру аясында бүгін мектепте полиция капитаны М.Е.Әлімжановтың қатысуымен «Білім беру ортасындағы қорлау және кибербуллинг» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: ата-аналардың «қорқыту» және «кибербуллинг» ұғымдарына қатысты құзыреттілігін арттыру, құрдастар арасында баланың «қорқытуға» және «кибербуллингке» ұшырауының негізгі белгілерін анықтау.