Текст
13.04.21 ж. - 8 және 9 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар бойынша «Биологиялық мамандықтарға экскурсия» сабағы өткізілді. Іс-шараның негізгі бағыты болашақ түлектерге биологиялық білімге негізделген мамандықтарды таңдауға көмектесу болды. Оқушылар өздерін қызықтыратын кәсіби мамандықтар туралы хабарламалар дайындады, олар агроном, ветеринарлық фельдшер, хирург, медбике, қорықшы, биология пәнінің мұғалімі, психолог. Оқушылар әр мамандықтағы маманның еңбек мазмұны, біліктілік талаптары, кәсіби маңызды қасиеттері туралы айтты. Топтық жұмыс ретінде «Мамандық»сөзіне синквейн құрастырды. Сабақты қорытындылау барысында оқушылар болашақ кәсіби жоспарларымен бөлісті.