22.04.25 ж. мектеп кітапханасында Қазақстанның мәдени мұрасы» көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Қазақстан аумағында тұратын халықтардың түрлі мәдени дәстүрлерімен тұрмыстық заттар, ұлттық әшекейлер және этникалық өнер элементтері арқылы таныстыру. Көрме қазақ халқының және елді мекендейтін басқа да этностардың дәстүрлерін біріктірген жарқын және танымдық оқиға болды. Экспозицияларға тұрмыстық заттар, ұлттық костюмдер, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар, сондай-ақ халықтық қолөнер бұйымдары кірді.. Көрме оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты дамытуға, түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті. Іс-шара мәдениетаралық диалог пен ұлттық бірлікті нығайтудың тамаша үлгісі болды.