22.04.25 ж. ЖМБ пәндік онкүндігі аясында Халықаралық Жер күніне арналған «Табиғатты сақта-өмірді сақта!» тақырыбындағы суреттер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті
қалыптастыру, шығармашылық ойлау мен көркемдік қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару болды. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысты.. Барлық суреттер табиғатты қорғау және қоршаған әлемге ұқыпты қарау тақырыбына арналды. Балалар ормандарды, өзендерді, жануарларды, құстарды, сондай ақ экологиялық проблемаларды-судың, ауаның ластануын, ормандардың кесілуін және оларды шешу жолдарын суреттеді. Көптеген жұмыстар ұрандармен және табиғатты қорғауға үндеулермен қатар жүрді. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар арасында 1 орын иеленгендер Федоровская Яна (7-сынып) және Рунталь Милена (7-сынып), 2-орын Зубарев Арсений (7-сынып), Парахат Асылхан (7-сынып), 3-орын Лысенко Лиана (6-сынып), Шмидт Эвелина (6-сынып), және Головская Ангелина (7 сынып). Байқау мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырып, экологиялық білім беру аясындағы жарқын іс-шараға айналды. Балалардың жұмыстары табиғатты қорғауға шынайы қызығушылық танытты.