Текст
Іс-шара оқушылардың бойында патриотизм мен қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілік аясында оқушылар педагогтармен және мектептің техникалық қызметкерлерімен бірлесіп мектеп аумағын тазалаумен және іргелес учаскелерді абаттандырумен айналысты. Сондай-ақ 8-9 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге біздің ауылдың ескерткіш жанындағы аумақты тазалады.Сенбілік өткізу мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, бұл ұжымдардың бірігуіне және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етті. Мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің техникалық қызметкерлерінің туған жерлерінің тазалығы мен абаттандырылуына қамқорлық жасаудағы күш-жігерін біріктіреді.