Текст
Мерекенің басты кейіпкерлері сегіз бірінші сынып оқушысы болды — олар үшін алғаш рет қоңырау соғылды. Оқушылар қонақтардың көңілін көтеру үшін өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп өнер көрсетті.
Мектеп бітіруші түлектер кішкентайларға жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Қол соғып, қуанышқа бөленген көрермендердің қошеметімен жаңа оқу жылындағы алғашқы салтанатты жиын аяқталды — қуанышты, көңілді және ең жарқын мереке болды.