«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Классный час: "Моя Родина"

02.09.2025
Сынып сағаты барысында 1–4 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының тарихымен, рәміздерімен және мәдени құндылықтарымен танысты. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мағыналары мен маңыздылығы кеңінен талқыланды. Оқушылар еліміздің көркем табиғаты, бай дәстүрлері мен жетістіктері туралы әңгімелесті.
Сұхбат кезінде оқушылар белсенділік танытып, өз туған өлкесі жайлы білімдерімен бөлісті, Отан туралы өлеңдер оқыды және викторина сұрақтарына жауап берді.Сынып сағаты соңында балалар әрбір азамат өз елін сүюі, құрметтеуі және қорғауы тиіс деген маңызды қорытынды жасады. Олар Қазақстанға деген өз тілектерін қағаз бетіне түсіріп, арнайы дайындалған «Тілек ағашына» жапсырды.Сонымен қатар, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері мен сенім телефондары қайталанып, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған бейнеролик көрсетілді.
Қорытынды: іс-шараның мақсаты орындалды – оқушылардың туған еліне деген құрметі мен Қазақстанға деген мақтаныш сезімі қалыптасты.
Просмотров: 74


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст