15.09.2025
Біздің мектепте 2025 жылғы қыркүйек айында барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті.Сынып жетекшілері ата-аналарды жаңа оқу жылындағы міндеттер мен жұмыс жоспарларымен таныстырып, оқу, тәрбие және оқушылардың қауіпсіздігін талқылады.
Ерекше назар аударылған мәселелер:
• оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша;
• мектептің ішкі тәртіп ережелері бойынша;
• отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысы бойынша;
• ата-аналардың мектеп өміріне қатысуына байланысты.
Ата-аналар жиналысының қорытындысы бойынша әр сыныпта ата-аналар комитетінің сайлауы өткізілді, комитет төрағалары мен мүшелері белгіленді.
Белгіленген ата-аналар сынып жетекшілеріне және мектеп әкімшілігіне тәрбие іс-шараларын, мерекелерді, экскурсияларды ұйымдастыруда көмектеседі және отбасы мен мектеп арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін болады.