2025 жылдың 25 қыркүйегінде Астрахан ауданының Шығармашылық үйінде «Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өтті.
Біздің мектептен іс-шараға ата-аналар комитетінің төрайымы Лысенко С.В. және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Яцук Н.В. қатысты.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру;
Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу;
Кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс;
Балалар арасындағы екпе арқылы басқарылатын инфекциялар мәселесі.
Іс- шарада сөзге шыққандар:
Астрахан ауданы білім бөлімінің басшысы — Барахоева П.Ю.;
Астрахан ауданының прокуроры — Султанов М.Т.;
Полиция бөлімінің бастығы — Жапаров Д.Н.;
Астрахан аудандық ауруханасының педиатры — Пулиший Е.Л.
Іс-шара соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, «Ашық микрофон» форматында пікір алмасыу түріндегі еркін диалог өтті.