17.10.2025
1–4 сынып оқушылары арасында бастауыш сыныптар апталығы аясында «Білімді оқушы» байқауы өтті. Бұл байқауда сыныптағы ең көркем жазу дәптер анықталды.Байқаудың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгеріміне деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылықты, жауапкершілікті және мектепке керекті жабдықтарына ұқыпты қарауды қалыптастыру.Тазалығы мен ұқыптылығы, жазудың дұрыстығы, орфографиялық және пунктуациялық нормалардың сақталуын.Апта бойы мұғалімдер оқушылардың дәптерлерін жүйелі, мұқият тексеріп, бірнеше критерий бойынша бағалады.Байқау қорытындысы бойынша әр сыныптан жеңімпаздар анықталды. Ең көркем жазу дәптерлер оқушылардың ынталылығы мен еңбексүйгіштігінің үлгісі болды.Мұндай іс-шаралар балалардың ұқыптылық, ұсақ-түйекке мән беру және оқу тапсырмаларын сапалы орындауға ұмтылу сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.