Текст
21.10.2025
Бүгін 4-сыныпта Қазақстан Республикасының күніне арналған тәрбие сағаты өтті.Оқушылар тәрби сағаты барысында мемлекеттік мерекенің тарихымен танысты.
Оқушылар іс шараға белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, Отан туралы өлеңдер оқыды.Іс-шара барысында оқушылар елімізге деген қызығушылық пен мақтаныш сезімдерін танытып, оның тарихы мен дәстүрлері жөнінде білімдерін көрсетті.Тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін және Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін тәрбиелеуге ықпал етті.