23.10.2025
Қазақстан Республикасының күніне орай 8–9-сынып оқушылары үшін табиғатқа саяхат ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиетті, туған жерге деген сүйіспеншілікті және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру болды.
Саяхаттау барысында оқушылар ерекше қызығушылық танытып, табиғат сұлулығын тамашалады, туған өлкенің ерекшеліктері туралы тың мағлұматтар алды, сондай-ақ қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын талқылады.Іс-шара кезінде оқушылар табиғаттағы тәртіп ережелерін еске түсіріп, оның нәзіктігін сезінді және табиғатты қорғау – еліміздің болашағына қосқан үлес екенін ұғынды.Саяхаттау көңілді әрі достық қарым қатынаста өтіп, оқушылардың жадында ұмытылмас әсер қалдырды.
Шара соңында олар туған жердің табиғатын аялауға және қоршаған ортаны сақтауға деген ынталарын арттырды.