Текст
10.11.2025
Мақсаты — оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасының шығу тарихымен, оның ел тәуелсіздігіндегі маңызымен таныстыру, туған елдің мәдениеті мен тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.Сабақ барысында оқушылар алғашқы қазақстандық банкноттар мен монеталар жайлы мәлімет алды, олардағы бейнелер мен рәміздердің мәнін талқылады. «Теңге туралы не білемін?» атты викторинаға қатысып, топпен жұмыс жасады, валюталарды арнайы сандықшаларға орналастырды.
Сынып сағаты мазмұны танымдық тұрғыда бай әрі қызықты болды.