Текст
21.11.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілетін декада аясында мектебімізде «Салт-дәстүр» тақырыбында «Ребустар мен кроссвордтар» атты танымдық шара өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың сөздік қорын кеңейту, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету, сонымен қатар ребус пен кроссворд шешу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушылар қонақжайлылық, бата беру, тұсаукесер, бесікке салу және басқа да салт-дәстүрлерге байланысты тапсырмаларды белсенді орындап, өз білімдерін көрсетті.
Шара шығармашылық және жылы атмосферада өтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін дамытуға және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.