" />
17.12.2025
17 желтоқсан күні 1-сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған «А-Б еліне саяхат» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін жүйелеу, бағдаршамның сигналдарын дұрыс түсінуге үйрету, жол белгілерінің мағынасымен таныстыру және көшеде, жол үстінде қауіпсіз әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар ойын элементтері арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі білімдерін арттырып, мұқият әрі жауапты болудың маңызын ұғынды. Балалардың жол ережелеріне деген қызығушылығын арттыруға, тәртіптілікке, белсенділік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара мазмұнды, әсерлі түрде өтіп, бастауыш сынып оқушыларының күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Сынып жетекшісі: Пономаренко В.Л.