Текст
" />
24.12.2025
Бүгін 1-сыныпта «Әліппемен қоштасу» мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл әсерлі де маңызды күн оқушылардың алғашқы оқу белесінің — әріптер әлемін меңгеріп, оқуға қадам басқан кезеңінің сәтті аяқталғанын білдіреді.
Негізгі мақсаты — балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, оқуға қызығушылығын дамыту, өз жетістіктеріне деген сенім мен мақтаныш сезімін қалыптастыру, сондай-ақ шаттық пен достыққа толы орта құру.
Мереке барысында оқушылар түрлі әндер айтып, би билеп, қызықты ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысып, оқу жолындағы алғашқы әсерлерімен бөлісті.
Бұл қуанышты күн білім жолындағы жаңа жаңалықтар мен жетістіктердің бастамасы болсын!