Текст
" />
26.12.2025
26 желтоқсанда орта буын оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелік кеш өтті. Іс-шара мектептің акт залында жаңа жылдық шырша жанында ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлері – Эльф, Қарақшы, Көңілді және Тентектің қатысуымен басталды.
5–9 сынып оқушыларына арналған ойын-сауық бағдарламасын 8-сынып оқушылары дайындады. Кеш барысында қатысушылар жаңа жылдық әуендерге би билеп, түрлі көңілді сайыстарға қатысып, әзіл-қалжыңға толы лотерея ойнады.
Мерекелік кештің соңында Аяз ата мен Ақшақар құттықтау тілектерін айтып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара көңілді әрі әсерлі өтіп, оқушылар мерекелік көңіл күймен тарқасты.