Текст
03.02.2026
Біздің мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару министрлері «Мектепті қалай жақсартуға болады?» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама ұйымдастырды. Бұл шара әрбір оқушының ойын тыңдап, мектеп өмірін жетілдіруге арналған нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.Сауалнама сұрақтары оқу сапасына, мектептегі жағдайдың қолайлылығына, сыныптан тыс іс-шаралардың ұйымдастырылуына және асханадағы тамақтану мәселесіне бағытталды. Нәтижесінде оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытуға, спорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жылы, достық қарым-қатынасқа негізделген мектеп ортасын құруға қызығушылық білдірді.
Белгіленген барлық ұсыныстар жинақталып, талданып, кейінгі іске асыру үшін мектеп әкімшілігіне жолданды.