«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика пәні бойынша викторина «Ақпараттық лабиринт»

10.02.2026

МИФ (математика, информатика, физика) пәндік апталығы аясында 8-сынып оқушылары үшін «Ақпараттық лабиринт» атты информатика пәнінен танымдық викторина өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың информатикаға деген қызығушылығын ояту, ақпараттық технологиялар жөніндегі білімдерін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту және ақпаратты өңдеу мен қолдану дағдыларын қалыптастыру. Викторина бірнеше бөлімнен тұрды: қатысушылар теориялық сұрақтарға жауап беріп, логикалық есептерді шешті, алгоритмдермен жұмыс жасады, ақпаратты кодтау тапсырмаларын орындады және компьютерлік сауаттылық бойынша білімдерін көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын дәлелдей білді. Олар күрделі тапсырмаларды орындауда ұйымшылдық пен шапшаңдық көрсетті. Шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Викторина қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей болды:
1-орын — Борис Валерия..,2-орын — Зубарев Арсений., 3-орын — Фролова Екатерина.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, білімге деген ұмтылыстары үшін алғыс білдіреміз. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да оқушылардың шығармашылық және зияткерлік дамуына оң ықпал етеді деп сенеміз.

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст