18.02.2026
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы-ның негізгі қағидаларына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің мәні және олардың мұғалім қызметіндегі көрінісі талқыланды. Білім беру саласында заңдылықты сақтау, әділдік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, әрбір білім алушының құқығын қорғау мәселелері кеңінен қозғалды.Сонымен қатар қатысушылар педагогтің кәсіби жауапкершілігі, әдеп нормаларын ұстану, оқушыларға құрметпен қарау және сенімді білім беру ортасын қалыптастыру жолдары жөнінде ой бөлісті. Ашық пікір алмасу барысында нақты тәжірибелік жағдайлар қарастырылып, ұстаздың жеке үлгісі мен азаматтық ұстанымының тәрбиелік маңызы ерекше аталды.Дөңгелек үстел педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттырып, Конституцияны кәсіби қызметтің құқықтық тірегі әрі рухани-адамгершілік бағдаршамы ретінде түсінуді нығайтты.