Текст
20.02.2026
2026 жылдың 20 ақпаны күні өткен «Дәстүрлі ән – мәдени мұра» атты аудандық байқауға мектебіміздің оқушылары Пельцер Эмили, Насанова Карина және Рунталь Милена қатысып І орынды иеленді!
Олар қазақтың халық әні «Домбыраны» жоғары деңгейде орындап, ұлттық өнерге деген құрметтерін, сахна мәдениеті мен шығармашылық шеберліктерін көрсете білді.
Жетекшісі Сейдахметов Ержан Тілегенұлына оқушыларды өнерге баулып, шығармашылық қабілеттерін ашып, шабыттандыра білгені үшін алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!




