«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы физиктердің ізімен» интеллектуалдық ойыны

20.02.2026

9-сынып оқушыларына арналған математика, информатика және физика пәндері онкүндігі шеңберінде «Ұлы физиктер жолымен» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.  Негізгі мақсаты – физика ғылымының қалыптасу тарихы мен оның дамуына зор үлес қосқан атақты ғалымдар туралы білімдерін тереңдету.Сайыс барысында оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады: белгілі физиктердің суреттерін олардың ғылыми жаңалықтарымен сәйкестендіріп, өз білімдерін дәлелдеді. Сонымен қатар QR-кодтар арқылы берілген интерактивті тапсырмалар оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттырып, ақпаратты өздігінен іздеп табу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстар олардың ой-өрісін кеңейтіп, физика пәні бойынша білімдерін нығайтуға ықпал етті.Іс-шара тартымды әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сайыс оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, алған білімдерін талдап, тәжірибеде қолдана білу дағдыларын дамытуға жағдай жасады.

Просмотров: 735


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст