25.05.2026
25 мамыр күні 1–4 сынып оқушыларымен «Заң және Тәртіп» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, үлкендерді құрметтеу және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау туралы түсінік беру.
Сынып сағаты барысында оқушылар заң, құқық және міндет туралы мағлұмат алып, түрлі ойындар мен жағдаяттық тапсырмаларға қатысты. Балалар өз ойларын ортаға салып, тәртіп сақтау мен сыйластықтың маңызын талқылады.Сонымен бірге, жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жолда жүру, су жағасында демалу және көшедегі қауіпсіздік талаптарын еске түсіріп, төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстау жолдарын қарастырды.Сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз өмір салтын ұстануына ықпал етті.