25.05.2026
Тәрбие сағаты шеңберінде 25 мамыр күні 5–9 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп – Конституциялық құндылықтар негізі» тақырыбында сынып сағаты болды. Басты мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасының заңдарына деген құрметін арттыру, құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық жауапкершілік пен Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру.Тәрбие сағаты барысында білім алушылар азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, «заң», «тәртіп», «әділеттілік», «жауапкершілік» ұғымдарының мәнін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясында айқындалған басты құндылықтар — халық бірлігі, бейбітшілік пен татулық, адам құқықтарын сақтау және заң алдындағы теңдік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Сынып сағаты еркін пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, сұрақ-жауап сайысына қатысып, қоғамдағы заңның маңызы мен тәртіптің қажеттілігі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Талқылау нәтижесінде оқушылар заңды құрметтеу мен сақтау әрбір азаматтың борышы екенін түсінді.Сынып сағатында тақырыпқа сай презентация, заң мен әділдік туралы қанатты сөздер, өмірлік мысалдар пайдаланылды. Қорытынды бөлімде оқушылар Конституцияны құрметтеу, өзгенің құқығын сыйлау және ел заңдарын орындау қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақтың кепілі екенін атап өтті.Аталған іс-шара оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін дамытуға және жауапкершілік сезімін нығайтуға оң әсер етті.