Текст
28.08.2026
Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы мектеп қызметінің негізгі бағыттары қарастырылып, білім беру және тәрбие үдерістерінің міндеттері айқындалды. Оқу сабақтарын ұйымдастыру, мектепішілік бақылау және педагогикалық ұжымның әдістемелік жұмысы бойынша мәселелер талқыланды.
Білім сапасын арттыруға, білім алушылардың оқу және тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасауға, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды.