Текст
01.09.2026
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ жауапты әрі адал азаматтың бойында қалыптасуы тиіс қасиеттерді насихаттау.Сынып сағаты барысында оқушылар Конституцияның қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдірді және түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылады.Сабақ барысында адалдық, әділдік, өзара құрмет, жауапкершілік, отансүйгіштік және білімге ұмтылу сияқты негізгі құндылықтарға ерекше назар аударылды.Сынып сағаты танымдық және тәрбиелік бағытта өтіп, оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық сауаттылығын және елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.