«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бүгін бастауыш сынып оқушыларымен «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тәрбиелік мәні зор, қызықты әңгіме өткізілді

07.09.2026


Әңгіме барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, ата-ананы сыйлау, үлкендерді құрметтеу, жақындарына қамқор болу, бір-біріне көмектесу және отбасындағы татулық пен сыйластықтың маңыздылығы туралы пікірлерін айтты.
Іс-шараның мақсаты: балаларға отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, жақындарына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, мейірімділікке, қамқорлыққа, өзара көмек пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Отбасы — әр адамның өміріндегі ең қымбат мекен.
Отбасында біз сүйіспеншілікті, қамқорлықты, сыйластықты және мейірімділікті үйренеміз. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауы мен жылы қарым-қатынасы баланың тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Әр шаңырақта әрдайым береке, бірлік, қуаныш пен сүйіспеншілік орнасын!

Просмотров: 232


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст