«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мектебімізде «Отбасы – бар бастаудың бастауы» ұранымен Отбасы апталығының салтанатты ашылуы өтті

07.09.2026

Ақпараттық жиын барысында оқушылар мен педагогтерге алдағы іс-шаралардың жоспары таныстырылды. Сонымен қатар әр адамның өміріндегі отбасының маңызына, отбасылық дәстүрлерді сақтаудың, өзара түсіністік пен құрметтің, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.Отбасы — сүйіспеншілік пен мейірімділіктің, жылулық пен өзара қолдаудың мекені. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу — өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызды негізі.Іс-шара барысында адамның алғашқы адамгершілік құндылықтары отбасында қалыптасатыны, баланың мінез-құлқы мен қоршаған ортаға деген көзқарасы отбасында қалыптасатыны атап өтілді.Отбасы — сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың және рухани қолдаудың қайнар көзі. Ал отбасы мен мектептің өзара бірлігі мен ынтымақтастығы үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды. Отбасы апталығы барысында оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді шығармашылық байқаулар, спорттық іс-шаралар, зияткерлік тапсырмалар, отбасылық акциялар және басқа да қызықты шаралар күтеді.Барлық іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға, сондай-ақ отбасылық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған. Бұл апта жылы кездесулерге, жарқын әсерлерге және жақын жандарымызға «Отбасымыз бар болғанына  рахмет!» деп айтудың тағы бір тамаша мүмкіндігіне толы болсын!

Просмотров: 234


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст