Текст
Көркем еңбек пен музыканың тәрбиелік және білім беру маңызы зор сыныптан тыс жұмыс. Ол оқушылардың ынтасын, дербестігін, әр түрлі міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарауға, сондай-ақ ұжымшылдық пен шығармашылық сезімдерін тәрбиелеуге, білімді кеңейту мен тереңдетуге, бейімділікті, шығармашылық белсенділікті дамытуға ықпал етеді, оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру құралы болып табылады. Төртінші наурызда біздің мектепте шығармашылық апталығы басталды, линейкасы өтті, онда балалар іс-шаралар жоспарымен танысты және өнер бойынша викторинаға қатысты.