Текст
7 сәуір күні бүкіл әлемде ең басты салауатты өмір салты мерекесі – 2019 жылы «Денсаулық баршаға» ұранымен өткен Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтті. Өскелең ұрпақты салауатты ұлт қалыптастыру рухында тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 8 сәуірде республикалық таңғы жаттығуды өткізуді ұсынды. Біздің мектеп шетте қалмады, таңертең оқу күні басталар алдында оқушылар мен педагогикалық ұжыммен салтанатты линейкада таңертеңгілік жаттығу өткізілді. Нәтижесінде қатысушылар күні бойы үлкен қуат алды.