Текст
12 қыркүйекте "Отбасы - рухани жаңғыру негізі" апталығы аясында «Мен отбасыммен мақтанамын» атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында балалар өз отбасы туралы айтты. Махаббат, достық, түсіністік, қолдау, құрмет, сенім, мейірімділік, қамқорлық сияқты отбасылық құндылықтарды әзірледі. Сынып сағатының соңында оқушылар вазаны гүлдермен толтырды. Гүл жапырақтарында олар туған-туыстары мен жақындарына өздерінің тілектерін жазды.