Текст
«Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» КММ оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жасөспірім және заң» құқық сағаты өтті. Астрахан ауданы ІІБ учаскелік полициясы М. Э. Әлімжанов 5-9 сынып оқушыларына қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігі, кәмелетке толмағандардың заңнаманы сақтауы туралы дәріс оқыды. Іс-шара барысында педагогтар мен оқушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды. Бүгінгі іс-шараның қорытындысы бойынша балалардың отбасындағы, қоғамдағы бала құқықтары туралы білімдері қалыптасты.