«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Лозовое по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» КММ терроризмнің, экстремизмнің және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

22.02.2023

  Кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Лозовое ауылының негізгі орта мектебі» КММ білім алушылармен келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді: терроризмге қарсы қорғаныс, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы іс-қимыл, жастар экстремизмінің алдын алу, жол және өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу.

Өткізілген іс-шаралардың мақсаты білім алушыларда криминогендік, техногендік және табиғи сипаттағы экстремалды жағдайларда мінез-құлық қағидалары бойынша дағдыларды дамыту, сондай-ақ тиісті моральдық-психологиялық қасиеттерді, жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру және дамыту болып табылады. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. В. Яцук білім алушылар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

Білім алушылар үшін әртүрлі нысандағы, түрдегі және тақырыптағы бірқатар іс-шаралар дайындалып, өткізілді:

         - терроризмге қарсы қауіпсіздік,

         - өртке қарсы қауіпсіздік,

         - көшеде және тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне сәйкес.

Білім алушылар ықтимал салдары мен қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы қажетті теориялық ақпарат алды.

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст