Математика, физика және информатика пәндері апталығы аясында 5-6 сыныптар арасында математикалық ребустар мен сөзжұмбақтар шешу сайысы өтті.Байқауда оқушылардың негізгі математикалық ұғымдарды меңгеруінің әдістемесінің жұмыстарын ұсынды. Сөзжұмбақтарды шешу барысында балалар логикалық ойлау қабілеттерін пайдалана отырып, оқыған тақырыптарының негізгі анықтамаларын қайталады және ұсынылған жұмбақтарды бар ынталарымен шешті.
Жұмыстарды ең жақсы орындағандар:
1.Зубарев А. (6 сынып), Гановская Н. (5 сынып) – 1 орын
2. Рунталь М. (6 сынып), Лысенко Л. (5 сынып) – 2 орын
3. Пономаренко Е. (6 сынып), Федоровская Я. (6 сынып) – 3 орын
Байқау қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және математикаға деген білімдеріне одан әрі табыстар тілейміз!