Текст
22-желтоқсанда шағын -орталықта Жаңа жылдық кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Балалар мерекеге көңілді және сәнді көрністе келді.Және олардың үміттері ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан ата-аналар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберлігін, ынта-жігерлерімен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, жақсы көрністер көрсетті. Оларға Жалмауыз кемпір, Шапоклякпен айтысуға тура келді. Көрністің басынан ертегі кейіпкерлері балаларды ертегілер әлеміне апарды. Және, әрине, мерекенің шарықтау шегі мерекенің басты кейіпкерлері - Аязата мен Ақшақармен кездесу болды, олар үшін ерекше қуанышпен ән салып, өлең оқып, би билеп, шыршаның айналасында асыр салып жүрді. Ал мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар берілді.