Текст
7-сынып оқушылары Алғыс айту күніне арналған эссе байқауына қатысты. Эссе тақырыбы – «Алғыс айту парызын».
Эссе байқауының негізгі мақсаты – Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру, достық пен келісім идеясын насихаттау, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мектеп оқушыларының жұмыстарын комиссия тексеріп, бірнеше критерийлер бойынша бағалады: тақырыптың жандылығы мен өзектілігі, сауаттылық деңгейі, көркем баяндау стилі. Жеңімпаздардың есімдері 1 наурызда белгілі болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, қалған сайыскерлер байқауға қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталады.