Текст
9 сынып оқушыларымен Наурыз мейрамының жаңа концепциясы бойынша «Көрісу күні - Амал мерекесі» атты сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты оқушыларды мерекенің жаңа тұжырымдамасымен таныстыру, туған еліміздің мерекелері мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Наурыз мерекесінің ерекшеліктері туралы білімдерін шыңдады, бекітілген мейрамның жаңа логотипі,жалпы республикалық іс-шаралар кестесімен танысты. Сынып сағатының соңында оқушылар Наурыз мейрамының маңыздылығы туралы пікір алмасты.