Текст
Тілдер апталығы аясында 6 сынып оқушыларымен "Тіл-халықтың тірі жаны"атты әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың тіл туралы білімдерін жандандыру және кеңейту, сыйластық қарым-қатынас пен өзара түсіністікке тәрбиелеу. Әңгімеге қатысушылар Қазақстанда тұратын халықтардың тілдерімен танысып, әрбір тіл - бұл халықтың жаны мен тарихы, оның өткені, бүгіні мен болашағы деген қорытындыға келді. Сондықтан халықтар өз тілдерін сақтап, оған құрметпен қарауы керек.