5 және 6 сыныптарда "отбасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар «Ойын-саяхат түрінде сыныптан тыс іс-шара өткізілді. «Ақиқат», «Әділ мінез-құлық», «Ішкі тыныштық», «Махаббат» және «зорлық-зомбылық емес» станциялары бойынша «саяхат» барысында оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтардың терең мағынасын таныды. Ол үшін олармен «Әмиян», «Шегелер туралы» нақыл сөздер бойынша әңгіме ұйымдастырылды, балалар сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін білдірді. «Кешікпе» бейнеролигін көргеннен кейін оқушылар өз әсерлерімен бөлісті, ата-аналарға ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы айтты. Әр бала «Түймедақ» және «менің үйім – менің қамалым» тапсырмаларын орындауда шығармашылық белсенділік пен еңбекқорлықты көрсетті. Соңында барлығы бірге «Менің отбасым - әнін орындады». Іс-шара оқушылардың бойында жақын адамдарға сүйіспеншілік көрсете білу, ата-аналарға қамқорлық жасауға және құрметпен қарауға деген ұмтылыс сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етті.