Текст
1 қазанда Халықаралық қарттар күні аталып өтілді. Бұл мереке қазан айында аталып өтілуіне күзгі байлыққа толы өмірдің лебі себеп болуы мүмкін. Алтын күз мезгілінде біз өз күштері мен білімдерін халқына арнаған, денсаулық пен жастық шағын жас ұрпақтың болашағына арнаған адамдарды құрметтеп,қошеметтейміз. Сонымен, біздің оқушылар мен мұғалімдер үлкендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарламада көріністер, өлеңдер, билер мен әндер болды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін ата-аналар мен мұғалімдердің күшімен ата-әжелер үшін тәттіге толы дастархан жайылып ,құлақ құрышын қандыратын жанға жайлы әндер шырқалды.